• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Әріптестерімізді Сейдағаңның сыйлығымен құттықтаймыз!

    Бүгін Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жылдың үздік спортшылары, үздік жаттықтырушылары мен спортты қолдауда үлкен үлес қосып жүрген мамандарды марапаттауға арналған «Үздік» атты салтанатты іс-шара болды.

    Осы жиында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бастаған спорт саласының басшылары мен Олимпиада чемпиондары әр аталымда жылдың үздігі атанған спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт ұйымдары мен облыстық және аудандық спорт басқармаларын марапаттады.

    Салтанатты іс-шарада кезек әріптестерімізді марапаттауға келгенде белгілі журналист, әріптесіміз Atameken business телеарнасының журналисі Самат Қанағатов, «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы Жандос Бұсырманов пен Meta-ratings.kz сайтының бас редакторы Ербол Қайыров Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Яғни, жылдың үздік спорт журналисі атағын иеленді.

    Самат Қанағатов 25 жылдан бері спортты насихаттап келе жатқан маман. Ербол Қайыров та 10 жылдан астам уақыт спорт журналистикасында еңбек етіп келеді. Екеуі спорт комментаторы болып та жұмыс істейді. Ал Жандос Аянбек шығармашылықпен бірге шаруашылықты да қатар ұстап келеді. Ол «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы қызметімен қоса, Талғар аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының директоры.

    Біз, SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы, жылдың үздік спорт журналистерін лауреат атануымен құттықтай отырып, дендеріне саулық, жұмыстар шығармашылық табыс тілейміз!

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *