• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Бүгін жылдың үздік спортшылары марапатталады

    Бүгін Астанадағы  Президенттік орталықта 2023 жылдың қортындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты жағдайда марапаттау іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Рәсімде еліміздің абыройын асқақтатып, жеңістің тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 16 түрлі «Үздік» номинациясы бойынша марапатталады.

    Құрметті қонақтардың қатарында Парламент Мәжілісінің депутаттары Дәулет Тұрлыханов пен Ардақ Назаров, спорт ардагерлері, белгілі жаттықтырушылар мен Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Ермахан Ыбырайымов, Ольга Рыпакова, Юрий Мельниченко, Бақыт Сәрсекбаев, Болат Жұмаділов, Эльмира Сыздықова, Мұхтархан Ділдәбеков, Асхат Житкеев, Ислам Байрамуков қатысады. Сонымен бірге жиында әлем чемпиондары, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері де болады.

    Салтанатты іс-шара Президенттік орталықта өтеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *