• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Жасөспірімдер турниріне 20 жастан асқан теннисші қатыспайды

    ATP жасөспірімдер турнир финалының ережелеріне енген кейбір өзгерістерді жариялады.

    Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап жасөсіпірімдер жарысына 20 жастан асқан теннисшілер жіберілмейді. Осы уақытқа дейін 21 жасқа толған теннисшілерге турнирге қатысуға рұқсат берілген еді.

    Сондай-ақ ТОП-350 рейтингінде тұрған 20 жасқа дейінгі теннисшілерге де ұйым тарапынан қолдау көрсетілуде. Оларға бір жылда 100 және 125 санаттағы 8 «Челленджер» турнирінің негізгі қортындысына шығуға кепілдік беріледі.

    ТОП-250 тізіміне енген 20 жасқа дейінгі теннисшілерге бір ATP 250 турнирінің және екі ATP 250 турнирінің іріктеу жарысының негізгі ойынында ойнауға қосымша кепілдік беріледі. Бұл ережелер бір аптада үш немесе одан көп ATP турнирлері өткізілетін апталарда ғана қолданылады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *