• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    wikibrief.org

    Пара Азия ойындарының эмблемасы мен ұраны таныстырылды

    2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Пара Азия ойындарының символы белгілі болды.

    Эмблема мен ұранды таныстыру рәсіміне Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашед мен ұйымдастыру комитетінің басшысы Хидеаки Омура қатысты. Олар тұсаукесер рәсімде Пара Азия ойындарының символы мен ұраны мыңдаған адамдар мен параспортшылардың бірлігін, олардың бір мақсат төңірегінде топтасқанын және жарқын болашаққа талпыныспен бірге өмір сүруге деген талпынысының үйлесімділігін айқын көрсеткенін атап өтті.

    Пара Азия Ұранның аты «Бір жүректі елестету» деп аталады.

    Еске салсақ, 2026 жылдың 18-24 қазаны аралығында Жапонияда өтетін Пара Азия ойындарына 18 спорт түрінен 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *