• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Параспорт

    Пара спорт: Қазақстан Әлем кубогында күміс медаль иеленді

    Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық  дисцеплинада  615.8 ұпай жинап, күміс медальді иеленді. Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын жүлдені жеңіп алса,  қола медальға да Оңтүстік Корея  спортшылары  Ли Юджин  мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен ие болды. Сондай-ақ, жарыстың ...

    Read More »

    Пара спортшы Еркін Ғаббасов Әлем кубогында жеңіске жетті

    Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін турнирде Еркін Ғаббасов алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді. Ал үшінші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпайымен ие болды. Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен Әлем кубогында екінші ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

    Түркістан қаласында сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Украина дзюдошылары қарсылас ...

    Read More »

    Паралимпида-2024: Қазақстан құрамасының дайындығы қаралды

    Бүгін Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен жиын өткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде ұлттық құрама спортшыларының қазіргі жағдайы, қаржыландыру мен басқа ақпараттық ұйымдастырушылық дайындық мәселелері талқыланды. Қазір Паралимпиада ойындарына дейін пысықтайтын мәселе көп. Дегенмен атқарылып жатқан дайындық жұмыстары да аз емес. Пара спортшыларымызға  лайықты көңіл ...

    Read More »

    Пара Азия ойындарының эмблемасы мен ұраны таныстырылды

    2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Пара Азия ойындарының символы белгілі болды. Эмблема мен ұранды таныстыру рәсіміне Азия Паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашед мен ұйымдастыру комитетінің басшысы Хидеаки Омура қатысты. Олар тұсаукесер рәсімде Пара Азия ойындарының символы мен ұраны мыңдаған адамдар мен параспортшылардың бірлігін, олардың бір мақсат төңірегінде топтасқанын және жарқын болашаққа талпыныспен бірге өмір сүруге деген талпынысының үйлесімділігін айқын ...

    Read More »

    Дастан Мұқашбеков – Азия Пара ойындарының чемпионы! (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Дастан Мұқашбеков ядроны 15 метр 74 см-ге лақтырып, бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 39 см-ге жіберіп, қола медальді иеленді.  Ал екінші орын БАӘ спортшысы Алкаби Мохаммадқа бұйырды. Ол 12 метр 99 см жерге ядроны түсірді. Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби ...

    Read More »

    IV Азия Пара ойындары: Қазақстан екі күнде қоржынға жүлдені толтырды (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында Қазақстан спортшылары күміс және қола медальдер иеленді. Әуелі  пара дзюдошы Зарина Раифова  70 келі (J2) салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда қытай Ван Хуюнға есе жіберді. Одан кейін спорттың осы түрінен 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жанбота Аманжол (J2) күміс медаль иегері атанды. Жанбота алтын жүлде үшін күресте  Оңтүстік Корея ...

    Read More »

    «Бесінші алтын медаль!»: Нұрдәулет Жұмағали Параазиаданы жеңіп алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласынан тағы ьбір қуанышты хабар келіп жетті. Ерлер  арасында суға жүзу жарысында Нұрдәулет Жұмағали алтын медальді жеңіп алды. Ол 1 минут 05.92 секундтта 100 метрді брасс стилімен жүзіп өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларды осы қуанышты хабармен құттықтады. Нұрдәулетті Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Спортшыларды жарысқа дайындаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше ...

    Read More »

    Параазиадада Қазақстан қоржынына тағы бір күміс пен үш қола жүлде түсті (ФОТО)

    Бүгін түс ауа Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Параазиадада еліміздің тағы бірнеше спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болды. Бұл жолы пара таэквондода Камила Досмайылова екінші орын алды. Ол финалда 44-57 кг салмақ дәрежесінде Иран спортшысы Роза Ибрахимиге жол берді. Қола медальді парадзюдошылар Динара Куджулова, Бауыржан Арыстанбеков пен Даяна Федосова иеленді. Динара 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  Өзбекстанның өкілі ...

    Read More »

    Олжас Оразаәліұлы – Азия Пара ойындарының чемпионы!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойныдарында тағы да еліміздің жалауы көтеріліп, әнұраны ойнады. Параазиадада 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Ол алтын медаль үшін күресте Өзбекстанның спортшысы Феруз Саидовты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия ...

    Read More »