Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық дисцеплинада 615.8 ұпай жинап, күміс медальді иеленді.
Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын жүлдені жеңіп алса, қола медальға да Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юджин мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен ие болды.
Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Еркін Ғаббасов R10 дисциплинасындакубок иегері, ел тарихында пара оқ атудан алғашқы алтын медальді әкелген болатын.
Бұл жарыста 49 мемлекеттен 260-тан астам спортшы өнер көрсетуде. Дода 1 мамырға дейін жалғасады.
Құралай ӘШІМХАНОВА,
АСТАНА