• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қанат Жолдасбай

    Ризабек Айтмұхан «Жыл үздігі» атанды

    Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Жыл үздігі» конкурсында жеңімпаз атағын жеңіп алды. Ол  ASSYLTAS стипендиясының иегері атанып,  1,5миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

    Бұл стипендияны екі жыл қатарынан балуандар алып отыр. Былтыр әйелдер күресінің балуаны Жамила Бақбергенова алған болатын.

    Ризабек Айтмұханға келсек, ол жақында 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасында «Спорттағы үздік серпін» аталымын жеңіп алды. Одан бөлек, ол Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясында OLIMPBET букмекерлік кеңсесінің өкілі биылғы әлем чемпионатында ғажап қайсарлық танытып, отандық күрестің тарихын қайта жазған аса дарынды балуанға пәтер сыйлады. Оның алдында Алматыда белгілі кәсіпкер Ерлан Қожасбай тұңғыш рет қазақ балуандары арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтап, Zeekr автокөлігін сыйға тартты.

    Еске салсақ, Ризабек Айтмұхан Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет бас жүлдені жеңіп алды. Әрине, қазақта күрестен халықаралық аренада мойындалған, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген талай балуандар болған. Солардың бірі деп аты аңызға айналған Қажымұқан Мұнайтпасұлын айтсақ болады. Дегенмен КСРО кезінде де одан кейінгі еліміз тәуелсіздігінің ақ таңы ағарып атқан кезден бері де күрестің осы түрінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған балуан болған емес.

    Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданының тумасы. Кішкенекөл деген ауылда туған. Бұл ауылдың бұрынғы аты — Қызыл ту. Осы ауданнан Ахметжан Қазымбетов деген атақты балуан, мемлекетшіл қайраткер шыққан. Ол Алаштың біртуар тұлғалары Мағжан Жұмабаев пен Смағұл Сәдуақасов шыққан.

    Балуанның алғашқы жаттықтырушысы оның әкесі — Қанат Жолдасбай. Қазіргі жаттықтырушысы — Еркебұлан Кешубаев. Ризабек еркін күрестен ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушы Мадияр Құрамысовтың, аға жаттықтырушы Самат Жақыповтың қол астында жаттығады.

    Олардан басқа ұлттық құрамада Эдуард Базров, Дархан Бекенов, Әлихан  деген жаттықтырушылар да бар. Олардың бәрі бір команда. Бәрі талапшыл, білікті мамандар. Бір мақсатта жұмыс істейді.

    Ризабек Астанадағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен Алматыдағы «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің түлегі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *