• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Ризабек Айтмұхан

    Қарысбек Махамбетов: «Ризабек жаңа салмаққа бейімделіп жатыр»

    Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Қарысбек Махамбетов Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні туралы өз ойын айтты. Жаттықтырушы Olympic.kz-ке сұхбатында  балуандардың күресіне баға беріп, олардың алдағы мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Ол алғаш рет Азия чемпионатында жүлде алған Мейрамбек Қартбай туралы былай деді: Мейрамбек Қартбай алғаш рет Азия чемпионатында жүлдегер болды. Ол былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Ризабек Айтмұхан — күміс медалист!

    Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміз тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта күміс жүлдегері атанды. Ол финалда 97 келі салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күресіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бұл екеуі бозкілемде осымен екінші рет кездесті. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов қазақ балуанын жеңген болатын. Ризабек Айтмұхан — 92 ...

    Read More »

    Біріккен күрес одағының рейтингінде қазақ балуандары көш бастады

    Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова Біріккен әлемдік күрес одағының (United World Wrestling – UWW) рейтингінде көш бастады. Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта бірінші орынға шықса, Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Жәмила да еркін күрестен әлем чемпионатында үш рет медалист болған тұңғыш қазақ қызы. Ал Ризабек ...

    Read More »

    Ризабек Айтмұхан «Жыл үздігі» атанды

    Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Жыл үздігі» конкурсында жеңімпаз атағын жеңіп алды. Ол  ASSYLTAS стипендиясының иегері атанып,  1,5миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл стипендияны екі жыл қатарынан балуандар алып отыр. Былтыр әйелдер күресінің балуаны Жамила Бақбергенова алған болатын. Ризабек Айтмұханға келсек, ол жақында 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасында ...

    Read More »

    Бар қазақтың жеңісі!

    «Ерім!» дейтін елім бар екен! Он тоғыздағы Ризабек соны түсінген шығар. Түсінбеуі, сезінбеуі мүмкін емес. Өйткені, басқа жерді айтпағанда, Астана әуежайындағы тілеулестердің патша көңілі біздің өзімізді толқытып жіберді. Құдды, өз баласы, өз бауыры дүние чемпионы болғандай ақжарма пейіл, айтып болмас шаттық сезім осындағы әр қазақтың жанарынан жұлдыздай жарқырап тұрды. Жұлдызды жігіттің төбесі көрінген сәтте жайшылықтағы сабырлы, қарапайым бауырлар ду ете ...

    Read More »

    Кәсіпкер Ерлан Қожасбай Ризабек Айтмұханға автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

    Алматыда белгілі кәсіпкер Ерлан Қожасбай Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанған балуандардың құрметіне өткен мерекелік кеште тұңғыш рет қазақ балуандары арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтап, Zeekr автокөлігін сыйлады. Сонымен бірге ол осы кеште әлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, Олимпиадалық ойындарға лицензияны жеңіп алған Азамат Дәулетбековке де құрмет көрсетіп, оған ақшалай ...

    Read More »

    Балуандардың жолын ашып бердік – Ризабек Айтмұханның әкесі Қанат Жолдасбай

    Кеше қазақ елі үшін, қазақ спорты үшін ақ түйенің қарны жарылған күні болды. Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатынан желдей есіп қуанышты хабар келіп жетті. Бұл додада еркін күрестен ұлттық құрама команданың балуаны Ризабек Айтмұхан тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Әрине, қазақта күрестен халықаралық аренада мойындалған, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген талай ...

    Read More »

    «Көпшілік біле бермейтін бір дерек бар»: спорт маманы Ризабек Айтмұхан туралы

    Кеше түнде қазақ еліне Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар келіп жетті. Бұл додада еркін күрестен ұлттық құрама команданың балуаны Ризабек Айтмұхан топ жарып, күрестің осы түрінен алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Еркін күрестен 92 кг дейінгі салмақтың финалында Ризабек Айтмұхан Әзербайжан спортшысы Осман Нурмагомедовпен күш сынасып, 0:2 есебімен жеңіліп жатып, соңғы секундтарда ...

    Read More »

    Тарихи сәт! Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ палуаны! (ФОТО, ВИДЕО)

    Санаулы сәт бұрын еркін күрестен ұлттық құрама команданың спортшысы Ризабек Айтмұхан Сербияның астанасы — Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Еркін күрестен 92 кг дейінгі салмақтың финалында Ризабек əзербайжандық Осман Нурмагомедовпен күш сынасып, соңғы секундтарда жеңіске жетті. Есеп — 5:2. Осылайша, ол еліміз егемендік алғаннан бері әлем ...

    Read More »