Жақын арада балуандар Астанада ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күресінен өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Ел чемпионаты 1-5 ақпан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында болады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы.
Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының хабарлауынша, 1 ақпанда грек-рим күресінің балуандары 55, 63, 72, 82, 97 келіде, 2 ақпанда 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақта күш бозкілемге шығады.
3 ақпанда әйелдер күресінен 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі салмақ дәрежесінде жарыс басталады.
4 ақпанда еркін күрестің өкілдері 57, 65, 74, 86, 92 келі, 5 ақпанда 61,70,79,97 және 125 келі салмақта күш сынасады.
Жарыстың ашылу салтанаты 1 ақпанда Астана уақытымен сағат 17:30-да болады. Белдесулер күн сайын 10:30-да, III және I орындар үшін финалдық белдесүлер күн сайын сағат 18: 00-ден бастап басталады.