• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    gpzagrebopen.com

    Күрестен рейтингтік ұпай берілетін Zagreb Open турнирі өтеді

    Хорватияның Загреб қаласында 10-14 қаңтар аралығында күрес түрлерін Zagreb Open халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнирде балуандарға рейтингтік ұпайлар беріледі.

    Турнирде балуандар грек- рим, еркін және әйелдер күресінен күш сынасады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы.

    Қазақ елінің атынан Загребте жалауы көтерілетін жарысқа төрт спортшы қатысады.

    Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі),  Елена Шалыгина (68 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) рейтингтік ұпай алып көреді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *