• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/RRaketkasi

    Бүгін Рыбакина тағы бір турнирге қатысады

    Бүгін Аустраиляның Аделаида қаласында теннистен WTA 500 турнирі басталады. Ол 13 қаңтарға дейін болады. Осы турнирге әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады.

    Рыбакина кешегі Брисбен қаласында болған WTA 500 турнирін жеңіп алған соң, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді. Ол доданы екінші айналымнан бастайды.

    Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.

    Еске салсақ, теннисші WTA 500 Brisbane International турнирінің финалында Беларусь спортшысы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *