• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ақорда

    «Наурызнама»: Астанада ұлттық ойындар көрсетіледі (ФОТО)

    20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында Астанадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы болады, деп хабарлады Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

    Мерекелік іс-шарада көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған.

    Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

    Іс-шара Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы мен Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен болады.

    Кіру тегін.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *