Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының мүшесі Олжас Құспеков Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының президенті болып сайланды.
Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері Respublica партиясының кеңсесінде болды. Жаңадан сайланған ұйым президенті асық ойынының спортқа теңестірілуі, асық атумен қанша команда мен спортшының айналысатыны, осы салада спорт шеберлерінің бар-жоғы, Халықаралық федерация осы ұлттық спорт түрін қалай дамытуды жоспарлап отырғанын айтып берді.
Осы жерде айтатын бәр нәрсе, былтыр Астана қаласының 25 жылдығына орай Respublica партиясының ұйытқы болуымен қалада үш асық ойнау алаңы ашылып, республикалық чемпионаттар ұйымдастырылған болатын.
Олжас Құспековтың айтуынша, Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясына мүше болуға бірқатар мемлекеттер тілек білдіріп отыр.
Бүгінде федерацияға Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (Ресей Федерациясы), Қырғызстан мен Испанияның өкілдері мүше. Биыл Мажарстан, Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасының спорт ұйымдары да федерацияға қосылуды жоспарлап отыр, — деді Парламент Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков.
Оның пікірінше, федерация алдында Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы Дүниежүзілік энтоспорт қауымдастығына мүше болу, асық ату спортын халықаралық деңгейге көтеру үшін демеушілерді тарту, асық ату спортының тарихын тереңдетіп зерделеу, асық атудың адам ағзасына тигізетін пайдасын медициналық зерттеу, асық спортының жаңа қағидаттарын дайындап, бекіту, асық ату спорт жабдықтарының стандарттарын бекіту, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық (қатысушы елдер санын көбейту), сондай-ақ бірінші әлем чемпионатына дайындық сияқты ауқымды жұмыстар тұр.
Асық ату спортымен қазіргі уақытта оны 89 432 спортшы үнемі айналысады. Қазақстан Республикасының 60-тан астам спорт шеберлері бар.
Биылғы жылы Степногорск қаласында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт жұртшылығымен кездесуінде халқымыздың ғасырлар бойы асық ойнағанымызды және осы спорт түрін халықаралық деңгейге көтеріп келе жатқанымызды атап өтті. Бұл қолдау біздің спортшылардың рухын көтерді.
Асық ату орта мектеп бағдарламасына енгізілді, Қазақстан президентінің жүлделері бекітілді. Ұлттық спорт ойындарының бағдарламалары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқитын жастар арасында өткізіледі. Сондай-ақ Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайында жарыстар ұйымдастырылады.
Аяулым ӘЛСЕЙІТОВА,
АСТАНА