• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/asyq_atu/

    Асық спорты халықаралық федерациясы құрылды

    Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы құрылды. Ассоциация түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.

    Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясы мүшелігіне Қазақстан, Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (Ресей Федерациясы) мен Қырғызстанның ұйымдары өтінім тапсырған. Биыл Мажарстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы мен Испанияның спорт ұйымдарын федерацияның қатарына қосу жоспарлануда.

    Respublica партиясының кеңсесінде Көшпенділердің Асық спорты халықаралық федерациясының тұсаукесері болады.

    Кездесуде ұйымның президенті асық ату ойынының қазіргі жағдайын, асық ойынының спортқа қашан және қалай теңестірілгенін, халықаралық федерацияның ұлттық спорт ойынын қалай дамытатынын айтып береді.

    Тұсаукесер бүгін сағат 17:00-де Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 33/1 мекенжайында болады. Осы ғимараттың 9-қабатына көтеріліңіздер.

     

    Аяулым ӘЛСЕЙІТОВА,

    журналист

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *