Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Афродита» кубогы үшін турнирде Ерік Жайлауова, Айбота Ертайқызы мен Милана Парфилова Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Telegtam-дағы tvalmaty арнасы.
Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс, Айбота Ертайқызы таспамен және ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар.
Ұлттық құрама мүшесі Эрика Жайлауова доп жаттығуы бойынша алтын жүлдегер атанды.
Қазақстан жасөспірімдер командасы топтық жаттығуда турнирдің екі медалін жеңіп алды.