• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    https://t.me/RRaketkasi

    Рыбакина ұлттық құраманың қатарына алынбады

    Теннистен еліміздің ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабы Билли Джин Кинг кубогы матчына қатысатын құраманы жарияланды, деп хабарлады https://t.me/RRaketkasi.

    Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Токио қаласында өтетін  Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды. Құрамаға Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова шақырылды.

    Зарина Диас көптен бері теннис додаларына қатыспады. Жапониямен матч Ariake Coliseum аренасының хард төсенішіндегі кортында болады. Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчында теннисшілер төрт жекелей және бір рет жұптық ойын ойнайды. Мачтар үш сеттік форматта болады.

    Токиода Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина ойнамайды. Биыл жазда Парижде Олимпиялық ойындар болады. Құраманың жаттықтырушылар штабы Елена Рыбакинаның төрт жылдағы ең басты жарысқа дайындалып, нағыз бабында баруы үшін Жапониямен матчқа шақырмады, — деді ұлттық құрамарның бас жаттықтырушысы Юрий Щукин.

    Оның айтуынша, Рыбкина үшін Олимпиада Билли Джин Кинг кубогына қарағанда маңызды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *