• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан каратэшілері Түркияда бес жүлде алды

    Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League — Antalya 2024 турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Оған 60 елден үздік 400-ге жуық татами шебері қатысса, соның ішінде дүниежүзі рейтингінде әр салмақтың үздік 32 (ТОП-32) спортшысы бақ сынады. Елімізден 14 каратэші күш сынасты.

    Кумите бағдарламасында 50 келіге дейінгі салмақта қатысқан Мөлдір Жаңбырбай финалдағы қарсыласы, Венесуэла өкілі Салазар Йоргелистің жарақат алып, татамиге шықпауына байланысты мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Ал 55 келіде Бэлла Самашева жарыстағы барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль олжалады.

    Халықаралық жарыстарда Қазақстанның әнұранын шырқату үшін көп күш жұмсайсың. Мен бақыттымын, бүгін бірінші орын алдым. Спортшының тұғырға шығып, қолын жүрегінің тұсына қойып, өз елінің әнұранын орындау үлкен бақыт. Осы кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені қолдаған әрбір жанға алғыс білдіремін! Алға Қазақстан!, — деді Мөлдір Жаңбырбай.

    Турнирде Токио Олимпиадасының жүлдегері Софья Берульцева ширек финалда португалиялық Рита Оливейраны жеңіп, жартылай финалда германиялық Книр Йоханнаға есе жіберді. Қола жүлде үшін айқаста Англия спортшысы Софья Рошель Уолтерстен басым түсті. Есеп — 8:6. Сондай-ақ 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы Әсел Қанай мен Азия ойындарының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына қола кезекті қола медальді салды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *