Сербияның астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті.
Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 4 күміс медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстанның 8 боксшысы финалда жұдырықтасқан. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыластарына жол берді.
Belgrade winner турнирінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Диас Молжігітов (75 кг) жеңімпаз атанса, күміс жүлдеге Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг) пен Олжас Боқаев (+92 кг) ие болды.
Сербияға ұлттық құраманы жаттықтырушылар Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков пен Нұржан Насанов апарды.
Турнирге әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысты. Қазақстаннан 12 боксшысы бақ сынады.