• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Санжар Тәшкенбай

    Боксшылар Бранко Пешич мемориалында үздік атанды

    Сербияның астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 4 күміс медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қазақстанның 8 боксшысы финалда жұдырықтасқан. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыластарына жол берді. Belgrade winner турнирінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Диас Молжігітов (75 кг) ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: ½ финалда Тәшкенбай мен Бибосынов қолғап түйістіреді (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финалға шыққан былғары қолғап иелерінің есімдері анықталып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, 48, 54, 60, 67, 75, 86, +92 келі салмақта ½ финалға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болған еді. Енді бүгін түсауа 51 және 60 кг салмақта келесі айналымға шыққан боксшылар анықталды. Бүгін кешке дейін жартылай финалға басқа салмақтағы саңлақтар да жолдама алады. ...

    Read More »

    19 жастағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

    19 жастағы бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай шаңырақ көтерді. Тойда танымал өнер адамдары болған.  Бұл жаңалықты әлеуметтік желі қолданушылары мен танымал өнер адамдары желідегі парақшаларында жариялады. Спортшының таңдауы Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінің Аяулым есімді аруына түскен. Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеген.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА   View this post on Instagram   A post shared by ...

    Read More »

    Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

    Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне көлік алып берді. Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Аллаға шүкір кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір Екінші ата-анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын!, — деді ол. Санжар Тәшкенбай 48 келі салмақта 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатын ...

    Read More »

    Белгілі кәсіпкер Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын жүлде алған Санжар Тәшкенбайға пәтер кілті табыс етілді. Оған бір бөлмелі пәтерді Beles құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі табыс етті. Сонымен бірге ол әлем чемпионы мен оның жеке жаттықтырушысы Нұржан Насановтың астына сәйгүлік мінгізіп, құрмет көрсетті. Санжардың ата-анасының айтуынша, олар Астанада 20 жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Санжардың анасы баласының жаңа ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы болуға тырысамын — Санжар Тәшкенбай

    Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай елге келісімен Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Олимпиада чемпионы болуға тырысатынын, соған талпынатынын айтты. Осы сәтті көп күттік. Жеңіске жету — әр спортшының арманы. Атап айтқанда, Ташкентте жанкүйер ретінде келген қазақтар көп болды. Шаршы алаңда тұрғанда, жаттықтырушылардың емес, көрермендердің дауысы басым шықты. Жалпы, жекпе-жекті тамашалауға келген адамдардың қолдауын күшті сезіндік. Осы орайда олардың баршасына алғысымды ...

    Read More »

    «Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы»: Тоқаев бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтады. Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!,  – деп жазылған президенттің Twitter-дегі құттықтауында. Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Санжар Тәшкенбай – бокстан әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 кг салмақ дәрежесіндегі Санжар Тәшкенбай алтын жүлдені жеңіп алды. Қазақ боксшы алтын жүлде үшін айқаста өз салмағында грузиялық Сахил Алахвердобимен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілер басымдылықты Санжар Тәшкенбайға берді. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Санжар Тәшкенбай 19 жасында тұңғыш рет ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай финалға шықты (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай финалға шықты. Ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалда Санжар жапониялық Казумо Аратакені жеңген еді. Еске сала кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд ...

    Read More »

    Бірінші орын алуым керек – боксшы Санжар Тәшкенбай (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан ұлттық құраманың 48 кг салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай жарыс туралы пікір білдірді. Ол кеше ¼ финалда жапониялық Казумо Аратакені жеңді. Ассалаумағалейкум! Бүгін ойдағыдай жартылай финалға шықтық, жеңіске жеттік. Бұл қарсыласпен екінші рет кездесіп тұрмын. Бапкерімізбен тактика құрып, Аллаға шүкір ол орындалды. Қолдауларыңызға рахмет, оны сезініп жатырмын! Бұйырса, ...

    Read More »