Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан ұлттық құраманың 48 кг салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай жарыс туралы пікір білдірді. Ол кеше ¼ финалда жапониялық Казумо Аратакені жеңді.
Ассалаумағалейкум! Бүгін ойдағыдай жартылай финалға шықтық, жеңіске жеттік. Бұл қарсыласпен екінші рет кездесіп тұрмын. Бапкерімізбен тактика құрып, Аллаға шүкір ол орындалды. Қолдауларыңызға рахмет, оны сезініп жатырмын! Бұйырса, мұнымен тоқтамаймыз. Бірінші орын алып келу керек!, — деді Санжар.
Ертең Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен шаршы алаңға шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram