• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Бокстан Спартакиада: ½ финалда Тәшкенбай мен Бибосынов қолғап түйістіреді (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финалға шыққан былғары қолғап иелерінің есімдері анықталып жатыр.

    Бұған дейін хабарланғандай, 48, 54, 60, 67, 75, 86, +92 келі салмақта ½ финалға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болған еді. Енді бүгін түсауа 51 және 60 кг салмақта келесі айналымға шыққан боксшылар анықталды. Бүгін кешке дейін жартылай финалға басқа салмақтағы саңлақтар да жолдама алады. Ал 51 келі салмақта әлем чемпионы Сәкен Бибосынов VI жазғы Спартакиададағы алғашқы жекпе-жегінде 19 жастағы Ғаббас Дүйсекеновты еш қиындықсыз жеңді.

    48 келіде әлем чемпионы атанып, 51 кг салмақ дәрежесіне көтерілген Санжар Тәшкенбай ширек финалда былтырғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Алдамжаровтан 2-раундта (жарақат алды, — ред.) басым түсті.

    57 келі салмақта әлем чемпионы Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері (60 кг) Дулат Тұрлыбекұлына еш мүмкіндік бермей, 3-раундта да айқын басымдықпен жеңді.

    Енді ертең 51 кг салмақ дәрежесіне дейінгі жартылай финалда Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай шаршы алаңда кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *