• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Теннисші Недовесов София турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Александр Недовесов Болгарияның астанасы — Софияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге британиялық Джулиан Кэш пен хорватиялық Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    1 сағат 28 минутқа созылған тартысты ойында 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Недовесов пен Эскобар жеңіске жетті.

    36 жастағы Недовесов АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. Бұл Қазақстан теннисшілер арасында үздік нәтиже саналады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *