• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Александр Недовесов

    Теннисші Недовесов София турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Александр Недовесов Болгарияның астанасы — Софияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге британиялық Джулиан Кэш пен хорватиялық Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 1 сағат 28 минутқа созылған тартысты ойында 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Недовесов пен Эскобар жеңіске жетті. 36 жастағы Недовесов АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды

    Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын. Енді міне, Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты. Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшісі Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы челленджер турнирінің финалына шықты. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аастралиялықтар Эндрю Харрис пен Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Олан кейін қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялық Константин Францен мен Хендрик Йебенснен 6:4, 3:6, 10:4 айласын асырды. Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс пен ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілері екінші айналымға жолдама алды

    Теннистен Австралияда өтіп жатқан Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер арасында әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева, ерлер арасында  Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында екінші айналымға шықты. Әуелі Путинцева әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездесіп, оны бірінші партияда 6:2, содан кейін 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Енді Қазақстан теннисшісі ...

    Read More »