• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан теннисшісі Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы челленджер турнирінің финалына шықты.

    Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аастралиялықтар Эндрю Харрис пен Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

    Олан кейін қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялық Константин Францен мен Хендрик Йебенснен 6:4, 3:6, 10:4 айласын асырды.

    Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс пен Йорис де Лоремен кездескенде есеп 7:6 (7:3), 7:5 және супер тай-брейкте 10:5 болып тіркелді.

    Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда турнирдің 3-ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй пен австралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *