• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды

    Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын.

    Енді міне, Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты.

    Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша, Александр Нндовесов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт рет финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.

    Недовесов – 2014 жылы Қазақстанның азаматтығын алған Украинаның экс-теннисшісі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *