• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнир басталды

    Астанадағы Belline Arena ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі Президент кубогы халықаралық турнирі басталды.

    Бұл турнирде әуелі ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі. Одан кейін негізгі турнирде Қазақстан теннисшілерінен бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин кортқа шығады. Ол ресейлік Евгений Тюрневпен өткізеді.

    Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов Польша өкілі Филипп Пиливомен, Ислам Орынбасар үндістандық Дев Прджвалмен ойнайды.

    Жарысқа арнайы шақырту алған Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайысында тәжірибелі өзбекстандық Денис Истоминмен, Виталий Зацепин Беларусь спортшысы Егор Герасимовпен, Григорий Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен күш сынасады.

    Сондай-ақ теннисшілердің жұптық сында да қарсыластары белгілі болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *