• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Конференция лигасы: «Ақтөбенің» қарсыласы анықталды

    Бұған дейін Конференция лигасындағы жарысты екінші іректеу турнирінен бастайтын «Ақтөбенің» қарсыласы Босния және Герцоговинаның «Сараево» немесе Грузияның Кутаиси қаласының «Торпедо» командаларының бірі болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Енді «Ақтөбенің» екінші іріктеу турниріндегі қарсыласы анықталды.

    «Ақтөбе» 27 шілдеде Кутаиси қаласының «Торпедо» клубымен кездеседі. Екінші ойын 3 тамызда болады. Грузияның командасы Босния клубын екінші мачта пенальтиден 4:2 есебімен ұтты. Бұл командалар бірінші ойында 2:2 есебімен тең түссе, екінші матчта да 1:1 есебімен теі ойнады. Содан кейін 11-метрлік пенальти сериясы берілді.

    Кеше Қостанайдың «Тобыл» клубы мсырт алаңда Финляндияның «Хонка» командасымен тең түсіп, бірінші ойындағы 2:1 есебімен жеңіске жеткенінің арқасында келесі кезеңге шықты. Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде Шымкенттің «Ордабасы» клубы да ойнайды. Шымкент клубының қарсыласы — Польшаның «Легия» жасағы.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *