Футболдан Қазақстан құрамасының Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Түркиядан Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп, команда сапына қосылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Бахтиер Зайнутдинов Ыстанбұлдың «Бешикташ» клубынан, ал Абат Айымбетов Адана қаласының «Адана Демирспор» командасынан келді.
Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз, – делінген хабарламада.
Қазір Қазақстан құрамасы Дубайда 8 наурыздан бері жаттығып жатыр. Осы жерде ұлттық құрама 19 наурызда Афина қаласына ұшады. Ал 21 наурызда Магомед Адиев жаттықтыратын еліміздің бас командасы Ұлттар лигасының плей-офф сатысында Грекиямен ойнайды. Егер ұлттық құрама осы ойынды жеңсе Грузия — Люксембург матчының жеңімпазымен кездесіп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.
Наурыз айының басында бас жаттықтырушы Магомед Адиев Грекиямен ойынға қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.Одан кейін ұлттық құрама команда 14 наурызда Түрікменстан командасымен жолдастық матч өткізді. Матчта отандастарымыз 2:0 есебімен жеңді.
View this post on Instagram