• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

    Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (92 келі салмақта) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Ұлттық құраманың балуаны 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалында Үндістанның өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек Айтмұхан осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты жеңген.

    Финалда ол Бахрейннің спортшысы Ахмед Тажудиновпен немесе ирандық Мұхаммадхосейн Мұхаммадианмен күш сынасады.

    Ризабек Айтмұхан былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *