• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бішкекте күрестен Азия чемпионатының жалауы желбірейді

    11-16 сәуірде Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына 30 медаль бәске тігіледі.

    Биыл осымен үшінші рет өтетін жарысқа Олимпиада және әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Рисако Кинжо, Юи Сузаки, Нонаки Озаки (Жапония), Нұрсұлтан Тұрсынов, Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұхан, Эльмира Сыздықова (Қазақстан), Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсулу Тыныбекова (Қырғызстан), Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен басқа да атақты балуандар қатысады.

    Күрес түрінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы:

    Грек-рим күресі:

    55 кг: Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу облысы);

    60 кг: Ғалым Қабдунасыров (Алматы қаласы);

    63 кг: Ержет Жарылқасов (Жамбыл облысы);

    67 кг: Алматбек Аманбек (Жамбыл облысы);

    72 кг: Николай Хапко (СҚО);

    77 кг: Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы);

    82 кг: Евгений Поливадов (Атырау облысы);

    87 кг: Нұрсұлтан Тұрсынов (ШҚО);

    97 кг: Иусуф Мациев (Қостанай облысы);

    130 кг: Мансур Шадукаев (Қостанай облысы).

    Еркін күрес:

    57 кг: Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы);

    61 кг: Асыл Айтақын (Алматы қаласы);

    65 кг: Санжар Мұхтар Жамбыл облысы);

    70 кг: Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы);

    74 кг: Талғат Сырбаз (Атырау облысы);

    79 кг: Азамат Өміржанов (Астана қаласы);

    86 кг: Азамат Дәулетбеков (ШҚО);

    92 кг: Әділет Давлумбаев (Алматы қаласы);

    97 кг: Ризабек Айтмұхан (Астана қаласы);

    125 кг: Абылай Совет (Алматы облысы).

    Әйелдер күресі:

    50 кг: Ирина Жәнібекова (Қарағанды облысы);

    53 кг: Аяжан Маркашева (Түркістан облысы);

    55 кг: Зульфия Яхьярова (Қарағанды облысы);

    57 кг: Лаура Алмағанбетова (Қостанай облысы);

    59 кг: Диана Каюмова (Астана қаласы);

    62 кг: Тыныс Дубек (Алматы облысы);

    65 кг: Ирина Казюлина (Абай облысы);

    68 кг: Мадина Бақбергенова (Астана қаласы);

    72 кг: Анастасия Панасович (БҚО);

    76 кг: Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).

    Былтыр күрес түрлерінен Астанада өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші, Жапония екінші және Қырғызстан үшінші орын алды.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *