• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Бокстан жасөспірімдер командасының жаңа құрамы жасақталады

    Түркістан облысында бокстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлады olympic.kz.

    Боксшылардың жас дәрежесінде салмақтардың өзгеруіне байланысты Алматыда 5-9 шілде аралығында қосымша іріктеу турнирі өтеді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа құрам жасақталады.

    Команда 6-20 тамыз аралығында Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық орталығында қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

    Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына арналып отыр. Тамыз айында жасөспірімдер Әбу-Дабидегі (БАӘ) құрлықтық чемпионатқа қатысады.

    Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы — Жақсылық Молдаханов.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *