Пара үстел теннисінен сегізінші санатта өнер көрсететін Әли Мақұлбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Әли Мақұлбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның жеңіп алған лицензиясы жарысқа өзі баратын болғандықтан жолдама болып есептеледі.
Бұл – еліміздің Паралимпиадаға алған13-лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Кәмила Досмалова, Нышан Өмірәлі, пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева жолдама жеңіп алған болатын.
XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның астанасы — Парижде болады. Жарыс спорттың 23 түрінен өтеді.
Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.