Теннистен Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен кездесіп, бірінші партияның ойыны болып жатқанда қарсыласының жарақат алуына байланысты ½ финалға жолдама алды. Осыған дейін теннисшілер бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген екен. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасап, ...
Read More »Author Archives: admin
100 футбол менеджері алғаш рет кәсіби білім алып шықты
Елімізде алғаш рет Alma Almaty management university мен Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ұйымдастыруымен «Футбол менеджменті» бағдарламасы бойынша 100 адам кәсіби білім алып шықты. Бұл оқулар былтыр жазда басталды. Қазір оқуды аяқтаған адамдар нағыз маман болып, футбол клубтарымен жұмыс істеуге кірісіп кетті. Енді алдағы екі жарым жылда аталған бағдарлама бойынша 3 мың менеджерді дайындау жоспарланып отыр. Былтыр желтоқсан айынан бері бағдарламаны ...
Read More »Теннисші Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтың Нонтхабури қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска мен жапониялық Юки Наитомен сынға түсті. Құламбаева мен Сакеллариди қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Аустралияның Брисбен ...
Read More »Астанада Олимпиадаға дайындық штабы ашылды (ФОТО, ВИДЕО)
Астанада Туризм және спорт министрлігі жанынан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен жазғы Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабы ашылды, деп хабарлады ведомство. Былтыр 13 желтоқсанда туризм және спорт министрінің спорт сарапшыларының қатысуымен жасөспірімдер Олимпиадасы мен Олимпиялық және Паралимпиялық ойындарға ұлттық құрама командалардың жұмысын ұйымдастыру бойынша штаб құру туралы бұйрығы шыққан болатын. Бұл штаб мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрлігі, ...
Read More »Әмір Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды
Теннисші Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді. Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға шықты. Виталий Зацепин – 85 (+71), Ілияс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) аяқ басты. Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Айя Нұпбай – 168 ...
Read More »Биыл спортшылар бес үлкен жарысқа қатысады
Биылғы жарыстарды IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы бастап береді. Бұл жарыс 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында болады. Қазақстан спортшылары да қатысады, деп хабарлады Турзим және спорт министрлігі. Қазіргі уақытта ел құрамасында 10 дисциплина бойынша спорттың бес түрінен 30 лицензия бар. 42 спортшы жолдама алды. Биылғы жылдың басты жарысы – Париж қаласында алауы тұтанатын жазғы Олимпиялық ойындар ...
Read More »Қазақстан боксшылары Әзербайжанда 16 медаль жеңіп алды
Әуесқой бокс: Отандық боксшылар Әзербайжанның Баку қаласында өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлдені иеленді. Садақ ату: Грузияның ...
Read More »Рыбакина жаңа жылды жеңіспен бастады
Теннисші Елена Рыбакина биылғы жылды жеңіспен бастады. Ол Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Brisbane International WTA 500 турнирінде жарысты екінші айналымнан бастап, корт иесі Оливия Гадекиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бірінші партияда Рыбакина брейк жасап, 6:4 есебімен аяқтаса, екінші сетте қарсыласынан 6:1 есебімен айласын асырды. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 4 эйс жасап, ...
Read More »Боксшылар «Странджа» турниріне қатысады (ВИДЕО)
2-12 ақпан аралығында Болгарияның астанасы- Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Биыл бұл турнир осымен 75 рет жалауын көтереді. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов турнирге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін атады. Олардың арасында жақында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынған 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ...
Read More »Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» айлығын айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубындағы жалақысын айтты. Түркиялық клуб басқа да легионерлерінің айлығын жариялады. Footbal Critix мәліметіне қарағанда, Зайнутдинов жылына 1,2 млн еуро табыс табады. Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Бұл клубта ең көп жалақыны Камерунның шабуылшы Винсен Абубакар алады. Ол жылына 3 млн еуродан астам табыс табады. ...
Read More »