• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    ҚФФ Черчесовке қатысты ұстанымын айтты

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Қазіргі таңда Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

    Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *