Хорватияның Загреб қаласында 10-14 қаңтар аралығында күрес түрлерін Zagreb Open халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнирде балуандарға рейтингтік ұпайлар беріледі. Турнирде балуандар грек- рим, еркін және әйелдер күресінен күш сынасады, деп хабарлады Қазақстан күрес түрлері федерациясы. Қазақ елінің атынан Загребте жалауы көтерілетін жарысқа төрт спортшы қатысады. Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 ...
Read More »Author Archives: admin
Бүгін Рыбакина тағы бір турнирге қатысады
Бүгін Аустраиляның Аделаида қаласында теннистен WTA 500 турнирі басталады. Ол 13 қаңтарға дейін болады. Осы турнирге әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Рыбакина кешегі Брисбен қаласында болған WTA 500 турнирін жеңіп алған соң, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді. Ол доданы екінші айналымнан бастайды. Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина ...
Read More »Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қаралды
Астанада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығына арналған кеңес өтті. Алқалы жиынға Ұлттық спорт қауымдастығының, Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекциясының басшылығы және Ұлттық спорт федерацияларының президенттері қатысып, атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Жиында сөз алған Ермек Маржықпаев ...
Read More »Төрт дүркін әлем чемпионы Марио Загалло өмірден өтті
Футболдан Бразилия құрама командасының құрамында әлем чемпионаттарын төрт рет жеңіп алған Марио Загалло қайтыс болды. Ол 92 жасқа келіп өмірден өтті. Марио Загалло әлем чемпионы атағын екі рет футболшы ретінде, бір рет ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы және бір рет бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде жеңіп алған еді. Загалло 1931 жылы дүниеге келген. Ол Бразилияның «Америка», «Фламенго» мен «ботафаго» клубтарында ойнаған. 1958 ...
Read More »Анна Данилина WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Данилина жарыстың екінші ракеткасы болып тіркеліп, словакиялық Виктория Хрунчаковамен бірге финалда чехиялық Мария Боузкова мен америкалық Бетани Маттек-Сандсді жеңді. Бірінші партияда Данилина мен Хрунчакованың дуэті қарсыластарынан 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте Чехия мен АҚШ-тың жұбы 7:6 (7:5) есебімен есе қайтарды. Одан ...
Read More »Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Рыбакина қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Есеп — 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 ...
Read More »Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирлерде финалға шықты
Теннисшілер Анна Данилина мен Жібек Құламбаева халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықса, Құламбаева Таиландтың Нонтхабури қаласында жалғасып жатқан ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жартылай финалда франциялық Джессика Понше мен чехиялық Анна Шишковамен ойнады. Бірінші партияда Данилина ...
Read More »Канвондо Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды
19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы болады. Онда 1 900-ға жуық атлет спорттың 7 түрінен 15 бағдарламада күш сынасады деп жоспарланған. Бүгін кешенді жарыста ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың спортшылары анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарысқа Қазақстан 10 бағдарламада 42 спортшыны апарады. Ал делегация ...
Read More »Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа АШЫҚ ХАТ
Бір топ спорт жанашырының Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа ашық хаты жарияланды. Хатта спорт ардагерлері мен қайраткерлері, журналистері облыс басшысынан спорттың барлық түрінің тиісті деңгейде дамымай жатқанын, соңғы он бес жыл бедерінде Ақмола өңірінен бір ғана әлем чемпионынын шыққанын айта келіп, аймақтағы спортты дамытуды қолға алуды сұрайды. Төменде оқырман назарына ашық хат толығымен ұсынылып отыр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа ...
Read More »Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды
Германияның бұрынғы теннисшісі Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтағын алды деген дерек шықты. Бұл туралы Telegram-дағы Рыбакинаның ракеткасы арнасы хабарлады. Соня Жиенбаеваның жасы 17-де. Ол 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында туған. Оның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан. Бала кезінде Соня Жиенбаева отбасымен Германияға көшкен. 2022 жылы ол жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде үздік 30 теннисшінің қатарына кірді. Алты рет ITF ...
Read More »