• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футзал қауымдастығы

    Футзал: Қазақстан кубогы топтық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

    Биылғы футзалдан Қазақстан кубогының топтық іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі болды, деп хабарлады Қазақстан футзал қауымдастығы.

    Турнирге 16 команда қатысады. Олар төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында болады.

    Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында өтеді.

    А тобы: «Қайрат», «Елім-ай», «Ордабасы», «Каспий»

    B тобы: «Ақтөбе», «Омега», «Астана», «Атырау»

    C тобы: «Аят», «Жетісу», «Алатау», «Тұлпар»

    D тобы: «Семей», «Бәйтерек», «Искандер», «Қарағанды»

    Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр топтың үздік командалары келесі айналымға жолдама алады.

    Топтық кезең ойындарының толық кестесі жақын арада жарияланады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *