• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Самирхон Абабакиров Универсиадада екінші медалін жеңіп алды

    Таеквондодан Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан Универсиададағы жарыстарын аяқтады.

    Универсиаданың соңғы күні ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдені жеңіп алды.

    Әйелдер құрамасы командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы мен Нұрай Хусвинова ел құраамсына медаль сыйлады.

    Қазақстан аралас командалар арасында да үшінші орынды иеленді. Самирхон Абабакиров, Қабылан Бейбарыс, Назым Махмұтова мен Айдана Сүндетбай жүлдегер атанды.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абабакиров жекелей сында Универсиаданың чемпионы атанған болатын.

    Таеквондошылар Универсиаданы 1 алтын және 7 қола медальмен аяқтады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *