• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Қайрат» ФК

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасынан жеңілді

    Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Финляндияның «КуПС» командасымен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

    Матчтың екінші таймының 49-минутында Мохамед Туре «Қайрат» қақпасынан дәл көздесе, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голдың авторы атанды.

    Енді екінші ойын 29 шілдеде Алматыда болады.

    Егер «Қайрат» өз алаңында «КуПС» командасын жеңсе, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турнирінде «Слован» (Словакия) мен «Зриньски» (Босния және Герцоговина) командаларының бірімен ойнайды. Ал Финляндияның жасағын жеңе алмаса, Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде РФШ (Латвия) мен «Мальмё» (Швеция) командаларының ойынында жеңілген клубпен күш сынасады.

    Бірінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңген еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *