• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    видеодан алынған

    Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Асу Алмабаев (22-3) Катардың астанасы Доха қаласында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде АҚШ спортшысы Алекс Переспен (25-9) жеңід салмақта жекпе-жекке шықты.

    Бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген еді. Асу Алмабаев үшінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

    Осылайша ол ММА бойынша 23 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Алекс Перес оныншы рет қарсыластарына есе жіберді.

    Содан кейін отандасымыз Хосе Очоаны жеңді.

    Асу Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында туған. Ол аралас жекпе-жекте UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде төбелеске шығып жүр.

     

    Рүстем ЖҰМАН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *