MMACrossfire.com сайты UFC-дің ең жеңіл салмақтағы өкілі Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизион рейтингінің үздік бестігіне кіруі мүмкін екенін хабарлады. Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексиканың астанасы Мехико қаласында UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жекке шығады. Ол Астана уақыты бойынша 1 наурызда таңертең болады. Қолда бар дерекке қарағанда, Алмабаев қазір UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында ...
Read More »Tag Archives: UFC
Рахмонов пен Махачев UFC-де жекпе-жекке шығуы мүмкін
Катардағы UFC Fight Night 256 турнирінде Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресейлік жаңа чемпион Ислам Махачевпен кездесті, деп хабарлады Kazinform. Шавкат Катар турнирінде Асу Алмабаевты, ал Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековті қолдады. Шавкат пен Ислам кездесуден кейін өз ойларын айтты. — Иә, жаңа жұлдыздар жанып келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті — Пратес, Моралес. Екеуі де мықты. Біздің ...
Read More »Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
Асу Алмабаев (22-3) Катардың астанасы Доха қаласында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде АҚШ спортшысы Алекс Переспен (25-9) жеңід салмақта жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген еді. Асу Алмабаев үшінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша ол ММА бойынша 23 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Алекс Перес оныншы рет қарсыластарына есе жіберді. Содан кейін отандасымыз Хосе Очоаны жеңді. Асу ...
Read More »Хамзат Чимаев — UFC чемпионы!
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде БАӘ өкілі Хамзат Чимаев (14:0) пен Оңтүстік Африка Республикасының жекпе-жек шебері Дрикус Дю Плесси (23:2) күш сынасты. Бұған дейін африкалық файтер орта салмақтағы UFC чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сондықтан оған алдағы жекпе-жекте белбеуін қорғауына мүмкіндік бар еді. Бұл жекпе-жек 5 раундқа жоспарланғанымен уақытынан бұрын аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Хамзат ...
Read More »Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайтып оралуы мүмкін
Жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағүлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Мен жарақатымнан толықтай айығып қалдым. Жақын арада АҚШ-қа барамын. Тамыз айында жекпе-жек өткізгім келеді. Қазір UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. АҚШ-та басқа файтердің орнына жекпе-жекке шығуым мүмкін. Болмаса басқа жолмен октагонға шығамын. Енді бәрін уақыт көрсетеді, – деді Жұмағұлов. Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында октагонға шығып, жеті жекпе-жектің тек біреуінде ...
Read More »UFC: Азат Мақсұм жеңілістің себебін айтты (ВИДЕО)
Қазақ жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде ең жеңіл салмақта америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Ол үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен есе жіберді. Азат Мақсұм жеңілісін толық мойындап, жұртшылықтан кешірім сұрады. Қазақ елі, бүгінгі кеште үміттеріңізді ақтай алмағаныма кешірім сұраймын. Өзімді толықтай көрсете алмадым. Бұл жеңілістен сабақ алып, келесі жекпе-жекте жеңуге бар күшімді саламын, — ...
Read More »Тағы бір қазақ файтері UFC-ге қосылды (ВИДЕО)
Жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Ол әлемдегі ең мықты промоушенде жеңіл салмақта, яғни 61 келі салмақта октагонға шығады. Қазір UFC-де бұл салмақтың чемпионы – америкалық Шон О’Мэлли. Оның жасы 29-да. Биыл ол отызға келеді. Бұған дейін Сергей Морозов та Қазақстаннның атынан осы салмақта төбелескен. Бекзат Алмаханға келсек, оның жасы 26-да. Ол осыған дейін 18 рет жекпе-жекке шығып, ...
Read More »«Шавкат аяғымды аямады»: Томпсон Рахмоновпен жекпе-жек туралы айтты
Жақында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмоновтан (18-0) жеңілген америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) жекпе-жектің қалай болғанын айтты. Бұл жекпе-жекте Рахмонов қылқындыру әдісімен қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. Томпсонның айтуынша, жекпе-жек өте тартысты болған. Алайда ол айқастың екінші раундта бітетінін ойламаған. Шынымды айтайын, екінші раундта Рахмонов жеңіп кетеді деп ойлаған жоқпын. Не дегенмен ол жеңді. Бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. ...
Read More »Рахмонов пен Махачев жекпе-жекке шығуы мүмкін
Келесі жылы аралас жекпе-жекте шебері Шавкат Рахмонов тағы бір үлкен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы бұрын өзі UFC-де октагонға шыққан, ал қазір аралас жекпе-жектің сарапшы болып жүрген Чейл Сон айтты. Оның айтуынша, жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуы тиіс. Махачев 26 рет октагонға шығып, соның біреуінде ғана жеңілген. Басқа айқастарда қарсыластарын жеңген. Ислам ...
Read More »UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы тегі Ямайкадан шыққан ұлыбританиялық Леон Эдвардс келесі қарсыласының атын атады. Ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді. 17 желтоқсан Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде Эдвардс америкалық Колби Ковингтонды (17-4) жеңіп, титулын қорғап қалды. Оның келесі қарсыласы америкалық Белал Мухаммад (23-3) болуы мүмкін. Ал одан кейін ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Маған десеңіз бар ғой, кіммен ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары