• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/aza.maksum/

    UFC: Азат Мақсұм жеңілістің себебін айтты (ВИДЕО)

    Қазақ жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде ең жеңіл салмақта америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Ол үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен есе жіберді.

    Азат Мақсұм жеңілісін толық мойындап, жұртшылықтан кешірім сұрады.

    Қазақ елі, бүгінгі кеште үміттеріңізді ақтай алмағаныма кешірім сұраймын. Өзімді толықтай көрсете алмадым. Бұл жеңілістен сабақ алып, келесі жекпе-жекте жеңуге бар күшімді саламын, — деді ол.

    Оның кешірім сөзі Instagram-да шықты.

    Азат Мақсұм бұған дейін UFC-гі алғашқы жекпе-жегінде америкалық Тайсон Нэмді жеңген еді.

    Осы жеңілістен кейін файтердің қанша табыс тапқаны белгілі болды. Ол жеғңілсе де қомақты ақша тапты.

    The Sports Grail-ның хабарлауынша, 28 жастағы отандасымыз екінші жекпе-жектен 66 мың АҚШ доларын алады. 50 мың доллар сый ретінде берілсе, 16 мың доллар октагонға шыққаны үшін беріледі. Оның 12 мың доллары гонорар болса, 4 мың доллар демеушілердің берген сыйақысы.

    Чарльз Джонсон да 50 мың доллар алады. Одан басқа да файтерге сыйақы ретінде қомақты ақша тапсырылады.

    2022 жылдың қараша айында Чарльз Джонсон Жалғас Жұмағұловты да жеңген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *