• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/shavkatrakhmonov94, instagram/leonedwardsmma

    UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді

    Жартылай орта салмақта UFC чемпионы тегі Ямайкадан шыққан ұлыбританиялық Леон Эдвардс келесі қарсыласының атын атады. Ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді.

    17 желтоқсан Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде Эдвардс америкалық Колби Ковингтонды (17-4) жеңіп, титулын қорғап қалды. Оның келесі қарсыласы америкалық Белал Мухаммад (23-3) болуы мүмкін. Ал одан кейін ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты.

    Маған десеңіз бар ғой, кіммен жекпе-жекке шығатыным бәрібір.  UFC не шешесе, сол болады.  Шавкат та болуы мүмкін. Егер онымен жекпе-жек болса, октагонда нағыз төбелес болады. Мен айқасқа бірімен шыға беремін. Қазір Леон Эдвардстың заманы, — деді ол TNT Sports арнасына берген сұхбатында.

    Рахмонов та 17 желтоқсанда америкалық Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін  UFC чемпионы болғысы келетінін жасырмады. Қазір Шавкат та 18 жеңіс бар. Ол 18 жекпе-жектің бәрін жеңген. Ал Эдвардс 23 рет жеңіп, 3 рет жеңілген. Ол рейтингте 4-орында тұр. Ал Рахмонов Томпсонды жеңгеннен кейін 3-орынға шықты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *