Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Royanews басылымына «Әл-Наср» клубына қатысты алдағы жоспарын айтты.
Роналду Сауд Арабиясында өмірінің бір бөлігін өткізіп жатқанына еш өкінбейтінін, керісінше клубқа ертерек ауыспағанына өкінетінін жасырмады.
«Әл-Наср» тамаша клуб. Командамызға да ығайлар мен сығайлар жиналған. Осындай жер-жүзінің түкпіртүкпірінен таңдаулы ойыншылар бас қосқан командада ойнап жатқанынам қуаныштымын. Мен осы бір үлкен клубпен үлкен жетістіктерге жеткім келеді. «Әл-Насрға» ертерек ауыспағаныма қатты өкінемін. Дегенмен «ештен кеш жақсы» демекші, команданы биік шыңдарға шығаруға бар күш-жігерімізді саламын, — деді ол.
Португалиялық футболшы Еуропаға үлгеріп бермеген күш-жігерін «Әл-Насрға» екі есе көп жұмсайтынын, осы жолда талмай еңбектенетінін айтты.
Еске салсақ, биыл шілде айында Роналду Еуропа клубтарында ееді ешқашан футбол ойнамайтынын, қарт құрлықтың ұлттық чемпионаттары сапасы жағынан нашарлап кеткенін айтқан болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА