• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Астанаға жеңіл атлетикадан әлем рекордшылары келе жатыр

    Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада Азия құрлығында алғаш рет жеңіл атлетикадан World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes  халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады olympic.kz.

    Бұл турнир 23 ақпанда Испанияның Мадрид қаласында аяқталады. Осы аралықта жеті турнир өткізіледі.

    Тур қорытындысы бойынша әрбір дисциплинадан көп ұпай жинаған спортшы жеңімпаз деп жарияланып, 10 000 АҚШ доллары көлемінде бонус алады. Сондай-ақ оларға Шотландияның Глазго қаласында өтетін жеңіл атлетикадан  жабық кешендегі 24-әлем чемпионатына қатысу ұсынылады.

    Астанадағы турнирде әйелдер арасында 400м, 60 м, 1 миль (1 609, 34м), 60 м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, ерлер арасында 60  м, 60м кедергілер арқылы, 3000 м, сырықпен секіру, ядро лақтырудан жарыс болады.

    Турнирге сырықпен секіруден қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дюплантис, 5 000 метрге жүгіруден әлем рекордшысы Гудаф Цегай, 200 метрге жүгіруде «Гауһар лигасы» финалының жеңімпазы, канадалық спринтер Арне де Грасс та қатысады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *