• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/jalgasjumagulovv/

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайтып оралуы мүмкін

    Жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағүлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

    Мен жарақатымнан толықтай айығып қалдым. Жақын арада АҚШ-қа барамын. Тамыз айында жекпе-жек өткізгім келеді. Қазір UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. АҚШ-та басқа файтердің орнына жекпе-жекке шығуым мүмкін. Болмаса басқа жолмен октагонға шығамын. Енді бәрін уақыт көрсетеді, – деді Жұмағұлов.

    Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында октагонға шығып, жеті жекпе-жектің тек біреуінде ғана жеңіске жеткен.

    Файтер соңғы рет Алматыда Naiza 57 турнирінде АҚШ-тың өкілі Кливленд Маклинмен жекпе-жекке шыққан. Сол кезде ол аяғын сындырып алса да жеңіске жетті. Осылайша, 35 жастағы файтер октагонда 16-жеңісін тойлаған.

    Бұған дейін ол 2022 жылы америкалық файтер Чарльз Джонсонмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілгеннен кейін UFC-ден кететінін мәлімдеген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *