Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында жалауы желбіреген ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл жеңіс — Александр Бубликтің ATP жарысындағы жетінші жеңісі. Сонымен бірге ол биыл үшінші рет теннис турнирінің жеңімпазы атанып отыр. Енді ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Author Archives: admin
Теннисші қыз-жігіттер Қазақстан чемпионы атанды
Астана қаласында теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпиондары мен жарыстың жүлдегерлері анықталды. Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева еш талассыз ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Одан кейін қола медальді Іңкәр Дүйсебай Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіп, иеленді. Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы Әмір Омарханов ...
Read More »Таеквондодан АЧ: Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен келе жатыр
Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты басталмай жатып, Қазақстан құрамасы жеті медальді жеңіп алды. Бунед Бахрамкулов (45 кг) мен Айым Серікбаев (42 кг) Азия чемпион атанды. Бұған дейін 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, енді араға 20 жыл салып, Айым Серікбаева мен Бунед Бахрамкулов Давранбек Ризаевтың жетістігін қайталады. ...
Read More »WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен үш жүлде алды
Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирінде отандастарымыз үш медальді жеңіп алды. Бұл жүлденің бәрі – қола медаль. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осы жас санатында Арайлым Сапабек те ½ финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға 2:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін Нұрдәулет Азаматұлы (U13) ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалда өнер көрсетті
Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары акробатикалық жаттығумен жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Анна Павлецова, Жания Жиенғазы өнер көрсетті. Іріктеу кезеңі. 25 команда 1-орын. Қытай — 229.0186 ұпай 2-орын. Бейтарап спортшылар — 224.7291 3-орын. ...
Read More »Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» айласын асырды
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, алаң иелері Қобыланды батыр стадионында 11 жылдан бері алғаш рет жеңісті тойлады. Бұған дейін «Ақтөбе» Еурокубок аясында соңғы рет 2014 жылдың 23 шілдесінде жеңіске («Динамо» (Грузия) жеткен болатын. Ал бүгінгі ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда да ...
Read More »Конференция лигасы: «Астана» мен «Зимбру» тең түсті
UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың бірінші таймында қонақтар бірінші болып есеп ашты. 45-минутта Гай Дахан гол салды. Екінші таймның 56-минутында «Астана» сапынан Иван Башич алаң иелерін жеңілістен құтқарды. Енді келесі ойын 31 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Дзюдошылар Универсиадада қола жүлдені иеленді
Германияда өтіп жатқан Универсиадада дзюдодан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Бірінші күні спортшылар финалдық кезеңге жолдама алып, үшінші орыннан көрінді. 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңсе, 66 килоға дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев Украинаның өкілі Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Самирхон Абабакиров Универсиадада екінші медалін жеңіп алды
Таеквондодан Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан Универсиададағы жарыстарын аяқтады. Универсиаданың соңғы күні ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдені жеңіп алды. Әйелдер құрамасы командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы мен Нұрай Хусвинова ел құраамсына медаль сыйлады. Қазақстан аралас командалар арасында да үшінші орынды иеленді. Самирхон Абабакиров, Қабылан Бейбарыс, Назым Махмұтова мен Айдана Сүндетбай жүлдегер атанды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ...
Read More »Футзал: Қазақстан кубогы топтық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды
Биылғы футзалдан Қазақстан кубогының топтық іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі болды, деп хабарлады Қазақстан футзал қауымдастығы. Турнирге 16 команда қатысады. Олар төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында болады. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында өтеді. А тобы: «Қайрат», «Елім-ай», «Ордабасы», «Каспий» B тобы: «Ақтөбе», «Омега», «Астана», «Атырау» C тобы: «Аят», ...
Read More »