Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл медальді көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда қалтасына басты. Ол үздік үштіктен орын алды. Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс медальді бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Author Archives: admin
Әйелдер күресі: Жәмила Бақбергенова мен Нилуфар Райымова жүлде алды
Осы күндері Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қола ...
Read More »13 сағатта 20 шақырым: Параспортшы Балқаш көлін жүзіп өтті
27 жастағы параспортшы Ақназар Мүтәліпов 8 шілдеде Балқаш көлін бір жағалауынан екінші жағалауына дейін 13 сағатта 20 шақырымды жүзіп өтті. Бұл хабарды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол бір қолы мен бір аяғы болмаса да адамның намысқа тырысса қиын жағдайдың бәрін жеңе алатынын дәлелдегесі келген. Мен жүзу арқылы ең алдымен өзіме, одан кейін бүкіл жер-жүзіне адамның бір қол, бір ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Карина Магрупова финалға шықты
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Магрупова финалға шықты. Ол техникалық жаттығуда 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Бұл нәтиже финалға қатысуға мүмкіндік берді. Осы жарыста әлемнің 35 елінен келген спортшылар жүлдеге таласып, 12 адам ғана финалға жолдама алды. Финал 19 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші сатыға шыға алмады
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен екінші матчын ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы және бірінші ойынның нәтижесінен кейін Ақтөбе қаласының командасы Еуропа лигасымен қоштасып, Конференция лигасына түсіп қалды. Бірінші ойында да отандастарымыз қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңілген болатын. Екінші матч 0:0 болып аяқталар еді. Ойынның негізгі уақытына бір минут қосылғанда 91-минутта польшалық клубтан ...
Read More »Конференция лигасы: «Ордабасы» биылғы жарыспен қош айтысты
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасындағы ойындарын бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады. Оңтүстіктің командасы Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Соның кесірінен «Ордабасы» екінші айналымға шыға алмады. Себебі, Кутаисиде болған бірінші матчта алаңиелері Шымкенттің жасағын 4:3 есебімен жеңген еді. «Ордабасы» екінші ойында да жеңіліп қала жаздады. Бұл матчта бірінші болып қонақтар есеп ашты. 45-минутта «Торпедо» сапындағы Ираклий ...
Read More »Ақын Ордабайұлының мерейтойына арналған құрметке толы турнир
28 маусымда Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, С.Бердікұлов атындағы сыйлықтың иегері, Кордай ауданының Құрметті азаматы, белгілі спорт комментаторы, ақын—жазушы Ақын Ордабайұлы ағамыздың 60 жасқа толуына орай ардагерлер арасында футболдан турнир өтті. Бұл турнирге өзім де куә болдым. Турнирдің ашылу салтанатына Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазіргі Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, қазақ күресінің білгірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ...
Read More »Ботагөз Қапанова халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді
Таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстан таеквондо федерациясы. Ол жартылай финалда Қытай спортшысына есе жіберді. (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады. Жарыс әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын дода болып саналады.
Read More »Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Оралда болады
Футзалдан жаңа маусым Орал қаласында өтетін Суперкубок матчымен ресми түрде басталады, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. 23 тамызда ел чемпионы – Алматының «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері – «Семей» командалары өзара мықтыны анықтайды. Матч «Жайық арена» спорт кешенінде болады. Бұл ойынның ерекшелігі – футзал тарихында алғаш рет Суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында, су жаңа әрі ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» келесі қарсыласы анықталды
Алматының «Қайрат» футбол клубының UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Енді «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасымен ойнайды. «Қайрат» алғашқы ойынын 22 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 29 шілде қарсыласымен Алматыда жасыл алаңға шығады. Алматының клубы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түсіп, екінші матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» Еурокубок ойындарына соңғы екі жылда ғана қатысқан жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның ...
Read More »