• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    ЕURО-2027: Қазақстан жастар құрамасының тізімі жарияланды

    Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 5 маусымда Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады. Айта кетейік, жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды. Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда ...

    Read More »

    Қазақстан құрамаларының алдағы оқу-жаттығу жиындары мен матчтарының кестесі

    Халықаралық ресми жарыстарға дайындық аясында Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамалары 23 мамыр мен 10 маусым аралығында бірқатар оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық және ресми матчтар өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасы Бас жаттықтырушы – Әли Әлиев Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты жалғастырады. Оқу-жаттығу жиыны аясында команда екі халықаралық матч өткізеді. 5 маусым күні Минск қаласындағы «Динамо» стадионында Беларусь ...

    Read More »

    Бокстан U22 АЧ: Қазақстан ерлер құрамасы 10 алтын жүлде алды

    Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан U22 Азия чемпионаты ресми түрде аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Чемпионаттың  соңғы күнінде ерлер арасында 13 салмақ дәрежесінде алтын медальдің иегерлері анықталды. Қазақстан құрамасынан тек 54 келі салмақта ғана есе жіберді. Бұл салмақта Кенже Мұратұлы ғана бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалса, басқа 12 салмақтағы боксшыларымыз чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде ...

    Read More »

    Бокстан U22 АЧ: Қазақ арулары Азия чемпионы атанды

    Бокстан 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында барлық боксшы қыздарымыз құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 12 салмақта жүлде үлестірілген әйелдер жекпе-жегінде барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты. Бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жолымыз болмағанымен, қалған тоғыз жекпе-жекте қатарынан спортшыларымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. ...

    Read More »

    Aport Mall West сауда орталығы жаңартылды

    Aport Mall West сауда орталығының жаңартылған  тұжырымдамасы және Miami Sunrise (Hawaii & Miami) аквапаркінің жаңа жазғы аймағын таныстыру мақсатына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.   Aport Mall West (210.000 кв.м.)  — Алматының батыс бөлігіндегі ең ірі отбасылық сауда ойын-сауық орталығы болып табылады. 16 жыл ішінде Aport Mall West сауда орталығын 180 миллионнан астам қонақ тамашалады. Бүгінде мұнда 250-ден астам жалға алушы ...

    Read More »

    Бұл дүние бес күндік жалған екен

    Белгілі журналист Диас Ахметшәріп фәниден бақиға аттанды деген қайғылы хабар тарады. Ол 20 жасынан бері қазақ спортына, оның ішінде қазақ спорт журналистикасына атап айтарлықтай еңбек етті. Диас Советқалиұлы еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған еді. Ұзақ уақыт Qazaqstan телеарнасы мен Khabar агенттігінде спорт журналисі болып жұмыс істеді. Одан кейін Qazsport мемлекеттік телеарнасының директоры болды. Осы қызметтен кейін ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақ қыздары 12 алтын медаль жеңіп алды

    Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов жаттықтыратын Қазақстанның қыздар құрамасы 12 алтын медаль жеңіп алды. Бұл чемпионат 10 мамырда жалауын көтерген. Ол 24 мамырға дейін болады. Сары құрлық бәсекесі  Шри-Ланканың астанасы — Коломбода болып жатыр. Оған Қазақстан қыздар құрамасы да қатысуда. Бүгін бұрымды  боксшылардың бәрі финалға шығып, Азия чемпионы атағын жеңіп алғаны туралы қуанышты ...

    Read More »

    Қазақстан суға жүзуден 60-қа жуық медаль жеңіп алды

    19 мамырда Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты басталды. Ол 23 мамырға дейін болады, деп хабарлады Суға жүзуден және су спорты түрлері федерациясы. Турнирде Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Түрікменстан құрамалары арасында 158 медаль сарапқа салынады. Жарыстың ортасына қарай Қазақстан спортшылары 60-қа тарта медаль жеңіп алды. Ұйымдастырушылар Өзбекстанда осындай беделді турнир алғаш рет өткізіліп отырғанын атап ...

    Read More »

    Халықтың жағдайын ойлаған компания

    Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Алатау қаласына жол түсті. Өйткені біз Қазақстандағы тез дайындалатын кеспе өндірісінің көшбасшысы – халықаралық сауда-өндірістік компания «Маревен Фуд Тянь-Шань»-ның 10 жылдық мерейтойына келген болатынбыз. Компанияның территориясына кіргенімізде көзімізге ең алдымен қаз-қатар тізіліп тұрған су жаңа жедел жәрдем көліктері түсті. Олардың әрқайсысының қасында бір фельдшер мен бір көлік жүргізуші сап түзеп тұрды. ...

    Read More »

    Ұлттық құрама алдағы матчтарға ойыншылар тізімін жариялады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев маусымда өтетін Беларусь (5 маусым) пен Солтүстік Македонияға (9 маусым) қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылардың жалпы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 36 ойыншы енді. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – ...

    Read More »