Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, спорт журналисі Ғалым Қамашұлы Сүлейменов өмірден өтті.
Ғалым Сүлейменов 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
1994 жылы журналистік жолын «Өркен-Горизонт» газетінде бастап, «Сақшы», «На страже» басылымдарында жұмыс істеді.
1996–2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы болып қызмет етті. 2004 жылы «Sports&kz» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды.
«Айқын» республикалық газетінде спорт шолушысы болып, «Берен» спорт журналының жұмысына атсалысты.
2010 жылы Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз хатшысы қызметіне кірісті. Соңғы кезде «Egemen Qazaqstan» газетінде журналистік қызметін атқара жүріп, You Tube желісінде «Берен/Beren live» каналын жүргізді. Ол сонымен бірге қазақ телевизиясында көптеген спорт жарыстарын жүргізіп, комментатор болды.
Ғалым Қамашұлы — Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының стипендианты, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты.
SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты әріптесіміздің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары