Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын. Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд ...
Read More »Author Archives: admin
Астанадағы бокстан Әлем кубогына қатысатын құрамалар көбейіп жатыр
Астанада бокстан Әлем кубогына қатысатын құрамалар көбейіп жатыр. Қолда бар дерекке қарағанда, қазір 33 мемлекеттің былғары қолғап шебері жарысқа дайындалуда. Әлем кубогына жер-жүзінің үздік боксшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы бірінші құрамымен шаршы алаңға шығады. Әлем кубогы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен Әлем ...
Read More »Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионы атанды
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді. Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті. Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы ...
Read More »Әйелдер күресі: Командалық есепте Қарағанды облысы жарады
Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер күресінен 10 салмақта толықтай жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 65 келіде 38 жастағы Елена Шалыгина бірде-бір қарсыласына ұпай бермей, чемпион атанса, 76 келіде Эльмира Сыздықова кезекті рет көшбасшылығын дәлелдеді. Кубок иегерлері мен жүлдегерлердің тізімі: 53 кг: Алтын – Ирина Жәнібекова (Қарағанды обл.) Күміс – ...
Read More »Ұлттық құраманың Беларусь пен Солтүстік Македониямен матчтарға тізімі жарияланды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттыықтырушысы Әли Әлиев маусым айында болатын матчтарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», ...
Read More »Жеңіл атлетикадан АЧ: Ясмина Тоқсанбаева – қола жүлдегер!
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-орынға орналасты.
Read More »Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның астанасы – Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол дүниежүзілік рейтингіде 202-орында тұрған аргентиналық, 22 жастағы теннисші Хулия Риерамен ойнады. Бірінші партияда Рыбакина екі брейк жасап, 5:1 есебімен алға шықты. Одан кейін сетке доп бергенде, есепті 6:1-ге жеткізді. Екінші сетте Рыбакина екі рет алға шыққанымен, ...
Read More »Астаналық гимнастар Қазақстан чемпионы атанды
Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жекелей көпсайыста Астана қаласының тұрғыны Айым Мейіржанова ел чемпионы атағын жеңіп алды. Екінші орынды да Астананың спортшысы Эрика Жайлауова иеленді. Үздік орынға Шымкенттен келген Милана Парфилова ие болды. Топтық жаттығуларда астаналық гимнастар үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының өкілдері иеленсе, үшінші орын Солтүстік Қазақстан облысына бұйырды. Командалық есепте Астана ...
Read More »Астанада үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты өтеді
Астана қаласында үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты жалауын көтереді. Бұл туралы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының отырысында хабарланды. Жиында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдердің қалалары анықталды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция шықты. Финалдық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан – 54,68 % дауыс алса, Франция ...
Read More »Джиу-джитсудан АЧ: Қазақстан 74 медаль жеңіп алды
Иорданияның астанасы — Амман қаласында джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасында өткен IX Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 74 медаль иеленіп, жеңіс туын желбіретті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Сары құрлық додасында 27 елден 778 спортшы бақ сынады. Чемпионатта Қазақстан 21 алтын, 27 күміс, 26 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға — Таиланд ...
Read More »